Жеке және заңды тұлғалардан 2018 жылдың 1 тоқсанында түскен өтініштерді қабылдау бойынша АҚПАРАТ

Өтініштер саны

2018 жылдың 1 тоқсанында облыс әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 543 өтініш түсті (2017 жылдың 1 тоқсанында – 537, ал 2016  1 тоқсанында – 513).

Анықтама үшін: 2018 жылдың 1 тоқсанында: жеке тұлғалар – 368 (2017 ж. – 355, 2016 ж. – 317), заңды тұлғалар – 175 (2017 ж. – 182, 2016 ж. – 196)

Солардың ішінде 2018 жылы ауызша – 72 (2017 ж. – 98, 2016 ж. – 70), 2018 жылы жазбаша – 471 (2017 ж. – 439, 2016 ж. – 443).

 

Солардың ішінде электронды түрде: 53 («Электронды үкімет» порталы арқылы) – 10 % түсті.

Тұрғындар облыс әкімінің блогына өтініштерін жазады, 2018 жылдың 1 тоқсанында – 3126 сұрақ, 2017 жылы – 3897. Сонымен қатар мобильді қосымшаларды қолдану нәтижесінде азаматтар өз мәселелерімен аудандар мен қалалардың әкімдеріне тікелей байланыса алады, 2018 жылдың 1 тоқсанында WhatsApp қосымшасы арқылы 894 сұрақ түсті, 2017 жылы – 862 сұрақ.

Өтініштер саны туралы:

Павлодар қ.  – 286 (2017 ж. – 284, 2016 ж. – 235) өтініш, Екібастұз қ. – 41 (2017 ж. – 35, 2016 ж. – 46), Ақсу қ.– 15 (2017 – 30, 2016 -25), Павлодар ауданы – 17 (2017 – 16, 2016 – 21), Май – 11 (2017 – 5, 2016 – 5), Лебяжі – 9 (2017 – 8, 2016 – 5), Баянауыл – 8 (2017 – 7, 2016 – 10), Железинка – 6 (2017 – 1, 2016 – 6), ), Ертіс – 6 (2017 – 4, 2016 – 11), Ақтоғай – 5 (2017 – 6, 2016 – 1), Качир – 5 (2017 – 2, 2016 – 1), Шарбақты – 5 (2017 – 15, 2016 – 9), Успен – 3 (2017 – 4, 2016 – 11).

Өтініштер көбінесе келесі мәселелерге байланысты: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 94(2017 ж. – 54, 2016 – 61), тұрғын үйдің берілуі – 52 (2017 – 48, 2016 – 64), әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру – 45 (2017 – 48, 2016 – 44), мәдениет – 43 (2017 – 34, 2016 – 30), еңбек және еңбек қатынасы – 36 (2017 – 52, 2016 – 27), білім беру – 30 (2017 – 23, 2016 – 11), денсаулық сақтау – 24 (2017 – 33, 2016 – 17), кәсіпкерлік – 23 (2017 – 18, 2016 – 39), жер және жерді пайдалану – 22 (2017 – 19, 2016 – 14), мемлекеттік басқару – 18 (2017 – 21, 2016 – 30), ауыл шаруашылығы – 15 (2017 – 23, 2016 – 28), табиғи-шикізат қорлары мен экологияны пайдалану – 14 (2017 – 17, 2016 – 17), қоғамдық және діни бірлестіктер – 12 (2017 – 10, 2016 – 12), спорт – 12 (2017 – 23, 2016 – 4), әділеттілік және құқықтық тәртіп – 11 (2017 – 23, 2016 – 15), БАҚ – 6 (2017 – 10, 2016 – 10) және т.б.

 

Жоғарғы орындар арқылы түскен өтініштер

ҚР Президенті Әкімшілігі арқылы Павлодар облысының тұрғындарынан 46 (2017 ж.- 46) өтініш түсті.

ҚР Премьер Министрі Кеңсесі арқылы Павлодар облысының тұрғындарынан 21 (2017 – 16) өтініш түсті.

«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты арқылы 8 (2017 – 12) өтініш түсті.

Негізгі көтерілген мәселелер: тұрғын үйдің берілуі – 15, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 9, мәдениет – 9, еңбек және жұмыспен қамту – 8, жерді пайдалану – 8,  әлеуметтік қамсыздандыру – 7, кәсіпкерлік – 4 және т.б.

ҚР ПӘ, ҚР ПМК, «Нұр Отан» партиясы арқылы өтініштер келесі қалалардың тұрғындарынан түсті: Павлодар қ.  – 36 (2017 – 41), Екібастұз қ. – 11 (3), Ақсу қ. – 3 (1), Май ауданы – 3 (1), Ертіс ауданы – 2 (0), Качир ауданы – 2 (0) және т.б.

Сонымен қатар азаматтардың өтініштері бойынша депутаттық сауалдар келіп тұрады. Павлодар қаласының тұрғындарынан 2 (2017 ж. – 3), Ақсу қаласынан – 2 (0), Екібастұз қаласынан – 1 (1) және т.б.

Сауалдар көбінесе әлеуметтік және зейнетақылық қамсыздандыруға (2), тұрғын үйлердің берілуіне (1), банк мәселелеріне (1), ономастикаға (1) қатысты болып келеді.

 

Қалалар мен аудандардың аппараттары

Есептік кезең ішінде облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарына жалпы 2094 өтініш түсті (2017 жылы – 2341), соның ішінде жазбаша түрде– 1465, орнына барумен – 88 (2017 ж – 1600, орнына барумен – 65), ауызша – 629, орнына барумен – 116 (2017 ж.- 741, орнына барумен – 122).

Қалалар мен аудандар әкімдері, әкім орынбасарлары, аппарат басшылары жеке қабылдауларда 629 адамды (2017 – 741) қабылдады, соның ішінде орнына бару арқылы 116 өтініш қарастырылды, 2017 жылы – 122.

 

Облыстың мемлекеттік органдары

Облыстың мемлекеттік органдарына жеке және заңды тұлғалардан жазбаша және ауызша түрде 6337 өтініш ( 2017 – 6098) түсті.

Облыс басқармаларында қабылданып, қарастырылған өтініштер саны:

Еңбек басқармасы – 231, дін істері – 161, денсаулық сақтау – 123, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармалар – 79, білім беру – 73, индустриялық-инновациялық даму – 69, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау  – 65, кәсіпкерлік, сауда және туризм – 60, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама – 56, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары – 53, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 52, ауыл шаруашылығы– 41, ішкі саясат – 40, қаржы – 31, құрылыс – 16, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары – 16, тілдерді дамыту – 13, дене тәрбиесі және спорт – 12, жастар саясаты мәселелері жөніндегі – 11, сәулет және қала құрылысы – 10, жер қатынастары – 9, экономика және бюджеттік жоспарлау – 7, ветеринария – 3.

Облыстың барлық мемлекеттік атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылады. Басқарма басшылары 48 адамды (2017 – 25) қабылдады.

Келушілерге қолжетімді жерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау тәртібі туралы ақпарат ұсынылған. Облыстың мемлекеттік мекемелерінде азаматтар өтініштерінің уақытылы орындалуын қосымша бақылау мақсатында «Бақылау сағаттары» жүргізіледі, сонымен қатар пікірлер, өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшік орнатылып, сенім телефондары жұмыс істейді.

Медициналық қызмет көрсету сапасы мәселесі ерекше бақылауға алынған. Барлық медициналық мекемелерде облыс әкімінің атына өтініштерді қалдыруға арналған арнайы жәшіктер орнатылған. Есептік кезең барысында 28 алғыс пен 6 шағым түсті.

 

Облыс әкімі аппаратында жеке бас мәселелері бойынша қабылдау

Облыс әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасының 2017 жылдың 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» Заңына және облыс әкімі аппаратының бекітілген жұмыс істеу регламентіне сәйкес жүргізіледі.

Облыс әкімі, орынбасарлары мен аппарат басшылары жеке 44 адамды қабылдады. Қабылдау барысында 10 өтініш берушіге заңдық сипатта түсіндірме берілді, 1 азаматтың мәселесі шешілді және 33 өтініш бойынша мәселелерді шешу үшін сәйкес тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар облыс әкімі облыстың алыс орналасқан қалалар мен аудандар ауылдарына барып азаматтарға жеке қабылдаулар өткізеді. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында тұрақты түрде жеке қабылдаулар өткізіледі.

Анықтама үшін: Облыс әкімі аппаратында – 33 адам, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында – 9 адам, көшпелі қабылдауда  2 адам қабылданды.

 

 Облыс әкімінің брифингі

Облыс әкімі 2018 жылдың 26 наурызында брифинг өткізді. Брифинг барысында тұрғындардан Whats App қосымшасы арқылы 186 өтініш, Cаll-центр арқылы 74 өтініш түсті. Барлық 260 сұрақ пен олардың жауаптары Павлодар облысы әкімінің ресми сайтында жарияланған.

Сұрақтардың көбін Павлодар қаласының тұрғындары (158) жолдады.

Аудандар тұрғындарынан түскен өтініштер: Павлодар (2), Ақтоғай(7), Лебяжі (5), Качир (3) Шарбақты (3), Успен (1), Май (1), Железинка (5), Екібастұз қ. (2), Баянауыл –(4), Ертіс (1), Ақсу қ. (1).

Өтініштердің көбі келесі тақырыптарға байланысты болды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көріктендіру, құрылыс мәселелері – 151, әлеуметтік бағытта – 47, жер қатынастары, экология және ауыл шаруашылығына байланысты – 29, кәсіпкерлік мәселелері – 7.

Негізгі сұрақтар тұрғын үйлердің берілуіне, ипотекалық несиелеуге байланысты Президенттің 5 бастамасының бірі 7-20-25 бағдарламасына қатысты болды.

Тұрғындардың көбін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері, яғни, жылумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, жолдарды асфальттау мен аулаларды көгалдандыру мәселелері толғандырады.

Дренажды жүйе мен жарықтың орнатылуына байланысты Зеленстрой ауылынан көп сұрақ түсті.

Ауылдық аймақтар тұрғандарын ауызсу мен ауыл ішіндегі жолдар мәселелері толғандырады.

Сонымен қатар дәрімен қамтамасыз етуге байланысты денсаулық сақтау саласына түскен сұрақтар көп.

Ірі сауда орталықтарында (Батыр Молл, Манақбай)  өртке қарсы жүйенің орнатылуы жөнінде сұрақтар қойылды.

Барлық сұрақтар бойынша жауап берілді.


05/06/2018 344