Жол беріп – өмірді құтқар!

Павлодар қаласында қалалық әуесқой автомобильшілердің шақыруға асығып бара жатқан жедел медициналық көмек каретасын өткізуге дайындығын білу үшін рейд өткізілді.

Бірлескен рейдті павлодарлық полицейлер мен облыстық жедел медициналық жәрдем өткізді. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары жедел көмек көлігіне артықшылық бермеген 20-дан астам жүргізушіге айыппұл салды. 

– Әкімшілік кодекстің 598-бабына сәйкес жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар жасалып, 10  АЕК көлемінде айыппұлдар салынды, бұл шамамен 25 мың теңге. Әуесқой автомобильшілердің көбісі жол жүру барысында жедел медициналық көмек каретасына жол бермегендігімен келіспеді. Жүргізушілер өздерінің жедел көмек көлігін көрмегендігін немесе оның жүргізушісі жарықтық шамшырақты және дыбыстық сигналды кеш қосқанын дәлелдей бастайды. – деп атап өтті, жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Серік Жұмалиев.

 Жедел медициналық көмек станциясында атап өткендей, бүгінгі күні баратын барлық бригадалар көліктік дыбыстық шамшырақты және дыбыстық сигналды қосады. Алайда басқа жол қозғалысының қатысушылары осы сигналдарды елемейді.

Есін жоғалту, жүрек тоқтауы, тыныс алудың тоқтауы, асқынулары бар босанулар сияқты бірінші жеделдік санатына жататын шақыртулар түсетін кездерде болады. Бұл жағдайларда жедел медициналық көмек бригадасы шақыру орнына барынша тез баруы керек, алайда біздің қызметтің көліктеріне жол бергілері келмейді. Бұдан басқа, жүргізушілерге тіл тигізіп, әдепсіз белгі көрсетіп кетулері де мүмкін. – деп айтты Павлодар облысының жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.

Белгілі болғандай, 103 желісіне Павлодар облысының тұрғындарынан жедел медициналық жәрдем каретасының аса қатты дыбыстық сигнал қолданатындығына немесе жарықтық шамшырақтың қатты жанатынына шағымдар келіп түседі. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің қағидаларына сәйкес жедел көмек көлігінің жүргізушісі тәуліктің кез-келген уақытында сигналдың барлық түрлерін барынша дәрежеде қосып жүруі қажет.

Кейде есік алдына қосылған жыпылдауықпен және сиренамен кірген көлікке іргелес үйлерден ішінде бояуы бар банкаларды немесе басқа да ауыр заттарды лақтырады. Мүмкін адамдар кейде біздің қажетті мекенжайға қаншалықты жылдам жетуімізден біреудің денсаулығы мен өмірі байланысты болатындығын, басқа адамдарға көмек көрсетуге баратынымызды ұмытатын да болар.

 

Жедел медициналық көмек станциясының  бұқаралық ақпарат қызметі


15/04/2019 69