Жылу беруге дайын

Павлодар облысының жылу электр станциялары жылыту маусымына толықтай дайын. Аймақ басшысы барлық ЖЭО-ын аралап, олар жылуды қыркүйектің 15-нен бастап беруге дайын деп мәлімдеді

Өткен демалыс күндері облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақсу қаласының аудандық жылыту қазандығында, «ЕЭК» АҚ станциясында және облыс орталығындағы үш ЖЭО-да болып қайтты.

– Жылыту маусымына дайындық кесте бойынша жүріп жатыр, – деді Болат Бақауов. – Ақсудағы да, Павлодардағы да станциялар жылуды 15-ші қыркүйектен бастап бере алады.

Облыс әкімі қала тұрғындарын ыстық су мәселесі толғандыратыны атап өтті. Бұл мәселе тұрақты бақылауда және аладғы он күн ішінде толық шешелді деп жоспарланып отыр. Магистральдік және аулалар ішіндегі жылу құбырларына келетін болсақ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ің өкілдерінің айтуынша жоспарлы жөндеуге жататын 9,2 км құбырлардың 8 км-і жөнделіп болды.

Магистральдік желілер бойынша жұмыс толықтай аяқталды, -деп атап өтті «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ің басшысы Марат Иманаев. – Сынақ жұмыстары барысында жылу желілерінің бойынан 150 ақау табылған.  Осыған байланысты бекітілген кестеден аздап кешігіп қалдық. Жылыту маусымына дейін барлық жұмыстар аяқталады.

Аймақ басшысы 2020 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отырған құрылыс материалдарының зауытын да аралап көрді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы ай сайын М150 маркалы кірпіш шығаруға лайықталған. Бір кірпіштің құны 40-50 теңге аралығында болады. Сондай-ақ, зауытта қабырғалар мен бордюрлерге қажетті тақтатастар, қиыршық тас, тротуар тақтайшалары және сэндвич-панельдер жасап шығарылатын болады.


09/09/2019 48